Рината Сұлтанова Қазақстанға Азиададағы алғашқы алтынды әкелді

Бұл – Рината Сұлтанованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін ол Ханчжоуда өткен Азиадада жеке уақытқа жарыста қола медаль иеленген.

 olympic.kz 20 Қыркүйек 2026, 08:29
20 Қыркүйек 2026, 08:29
90
Фото: olympic.kz

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжолдағы жеке жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы жарыстың алғашқы күнінде топ жарıp, Қазақстан құрамасының алтын жүлдедегі есебін ашты.

Жарыс қорытындысы:

  • Рината Сұлтанова (Қазақстан) – 36:23.72
  • Чжан Хао (Қытай) – 36:28.40
  • Син Джиын (Оңтүстік Корея) – 36:56.14

Бұл – Рината Сұлтанованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін ол Ханчжоуда өткен Азиадада жеке уақытқа жарыста қола медаль иеленген.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары ведомство профильді федерациямен бірлесіп, спортшыларды ірі халықаралық жарыстарға дайындауға ерекше көңіл бөліп келеді. Оның ішінде Азия чемпионаттары мен басқа да маңызды додаларға қатысуға басымдық берілген.

Бүгінде тасжолдағы велоспорт Қазақстанның 9 өңірінде дамып келеді. Өңірлік дайындық жүйесін дамыту, федерация мен жаттықтырушылар құрамының жұмысы, сондай-ақ спорт резервін қалыптастыру қазақстандық велоспорттың халықаралық аренадағы позициясын одан әрі нығайтуға негіз болады, – деп атап өтті министрлік.

 

Наверх