Рим папасы, Роналду, Қасым-Жомарт Тоқаев “көк белгіден” айырылды

22 Сәуір 2023, 14:46
1976
Бөлісу:
Рим папасы, Роналду, Қасым-Жомарт Тоқаев “көк белгіден” айырылды
Фото: news.sky.com

Twitter-дің 300 мыңға жуық қолданушысы арнайы “көк белгіден” айырылды. Олардың көбі әлемге танымал тұлғалар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Sky News-ке сілтеме жасап. 

Олардың қатарында Рим Папасы, жазушы Джоан Роулинг, футбол жұлдызы Криштиану Роналду, америкалық рэпер Jay-Z және басқа тұлғалар бар. 

Твиттерде көк белгі жүйесі бойынша 300 000-ға жуық расталған пайдаланушы болды, олардың көпшілігі спортшылар, музыканттар, журналистер және басқа да қоғам қайраткерлері болатын.

Қазіргі бұл растау белгісі Ұлыбританияда айына 11 фунт стерлингке дейін тұратын Twitter Blue-ге жазылғандар мен компаниямен байланысы бар азаматтарда ғана қалады.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та «көк белгіден» айырылды. Наурыздың 14 күні Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтағаннан кезде ресми белгісң болған.

Өзгелердің жаңалығы