Рим Папасы дүниеден өтті

21 Сәуір 2025, 15:00
825
Бөлісу:
Рим Папасы дүниеден өтті
Фото: Vatican Media

Рим Папасы Франциск 88 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Vaticannews-ке сілтеме жасап.

Рим папасы Франциск 2025 жылдың 21 сәуірінде 88 жасында қайтыс болды. Оның өлімі Ватикандағы Casa Santa Marta резиденциясында тіркелді. 

Бүгін таңертең сағат 7:35-те Рим епископы Франциск Әке үйіне қайта оралды. Оның бүкіл өмірі Жаратқан Иеге және Оның шіркеуіне қызмет етуге арналды, - деп хабарлады кардинал Кевин Фаррелл.   

Франциск өзінің бүкіл өмірін Құдайға және шіркеуге қызмет етуге арнады. Ол 2013 жылы 13 наурызда Франциск есімімен Рим Папасы болып сайланды. 

Еске сала кетейік, 20 сәуір күні ұзаққа созылған аурудан кейін ол көпшілік алдына шығып, католиктерді Пасха мерекесімен құттықтаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы