Рим Папасы ауруханадан шығарылды

1 Сәуір 2023, 22:33
2702
Бөлісу:
Рим Папасы ауруханадан шығарылды
Фото: egemen.kz

Рим папасы Франциск вирустық бронхитке шалдығып, үш күн бойы Джемелли ауруханасында ем қабылдаған. Бүгін Рим Папасы ауруханадан шығарылды. Қасиетті тақ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Рим папасы Агостино Джемалли ауруханасынан шығарылды. Медицина мекемесінен кетпес бұрын Папа осы күндері жанында болған басшылық пен медицина қызметкерлерінің бәріне алғыс білдірді, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Рим Папасы Франциск сәрсенбі күнгі ұжымдық аудиенциядан кейін өзін жайсыз сезінгенін. Қазір оның жағдайы жақсы. Понтификтің ауруханадан шыққанын Rai News 24 телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы