Ригада мүмкіндігі шектеулі балалар суреттерінің көрмесі ашылды

1 Маусым 2021, 21:45
3753
Бөлісу:
Ригада мүмкіндігі шектеулі балалар суреттерінің көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған іс-шаралар аясында онлайн-форматта «Әлем балалар көзімен» атауымен мүмкіндіктері шектеулі жас қазақстандық және латвиялықтар суреттерінің көрмесі ашылды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Оны Қазақстанның Латвиядағы елшілігі, Рига қаласы Думасының Мәдениет департаменті, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетумен айналысатын қазақстандық «Аялған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры және Латвияның мүгедек балалар қауымдастығы (LBAKT)  бірлесе ұйымдастырды.

Ригада мүмкіндігі шектеулі балалар суреттерінің көрмесі ашылды

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның бас мақсаты – қиындықтарға қарамастан, осы балалардың мүмкіндіктері шексіз екендігін, ал олар өздері қоғам өміріне, халықтар мен мәдениеттердің жақындасуына лайықты үлес қоса алатынын көрсету.

60 суреттен құралған экспозициямен Рига қаласы Думасының Мәдениет департаментінің сайты мен әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарында келесі сілтеме арқылы танысуға болады.

«Аялаған алақан» қоры осыған дейін ұқсас сипаттағы көрмелерді Қазақстанның Үндістан мен БАӘ-дегі Елшіліктерінде өткізген болатын және қазіргі кезде мүмкіндіктері шектеулі және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар жас қазақстандықтардың шығармашылығымен шетелдік қауымдастықтарды таныстыру мақсатында жаңа іс-шараларды дайындауда.

Өзгелердің жаңалығы