Риддерде мемлекеттік қызметкерлер жалған диплом ұсынған

14 Тамыз 2022, 07:52
1276
Бөлісу:
Риддерде мемлекеттік қызметкерлер жалған диплом ұсынған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының прокуратурасы жалған диплом берудің үш фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң бұзушылық Риддер қаласындағы мемлекеттік органдарға, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға басшы лауазымдарына және қызметкерлерді тағайындау тәртібінің заңдылығын сақтауға талдау жүргізу барысында анықталды.

«Водоканал» ШЖҚ МКК директор қызметіне, «Риддер қаласының мәдениет сарайы» МҚКК бас есепші қызметіне, «Риддер қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ статист қызметіне жұмысқа қабылдау туралы өтініш ұсынған кезде білімі туралы жалған құжаттар берілген, - деп жазды жергілікті ridder.city порталы.

Білім беру ұйымдары бұл құжаттарды иелеріне ұсыну фактісін растамай отыр.

Аталған фактілер Риддер қаласы прокуратурасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, материалдар Риддер қаласы бойынша полиция бөлімшесіне жолданды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану әрекеті бойынша сотқа дейінгі 3 тергеу басталды.

Қылмыстық істер Риддер қаласындағы полиция бөлімінде қаралып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы