Риддерде инфекциялық стационар ашылды

9 Қаңтар 2021, 00:45
1010
Бөлісу:
Риддерде инфекциялық стационар ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риддер қаласында инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой енді тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімді болатындығын айтты.
Аурухананың үшінші корпусы күрделі жөндеуден өткізілді. Енді бұл жаңа инфекциялық стационар. Өткен қазан айының аяғында жылжымалы медициналық кешен алынған еді. Енді, міне, бес жедел медициналық жәрдем көлігін алдық. Осыдан кейін ауыл тұрғындары үшін медициналық көмек қолжетімді әрі сапалы болатыны сөзсіз, – дейді Риддер әкімі Дмитрий Горьковой.

Өзгелердің жаңалығы