Риддерде аю малға маза бермей тұр

3 Шілде 2019, 17:41
1446
Бөлісу:
Риддерде аю малға маза бермей тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риддер қаласының маңын тағы да аюлар кезіп жүр. Бұл жолы жыртқыш аң малға шабуылдаған, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Адамдар аюларды "Қара Үбе" аңшылық шаруашылығының маңынан байқап қалыпты. Тұрғындардың айтуынша, Үбе өзенінің жоғары жағында орталық базадан төрт шақырымдай жерде омарта бар екен. Сол жерде аюлар өгіз бен сиырға шабуылдаған. Ал одан жоғары қарай жеті шақырымдай жерде орналасқан шаруа қожалығында екі бұзауды жеп кеткен.

Бұған дейін аюлар Риддердегі демалыс базасына келіп, демалушылардың тамақтарын жеп кетіп жүргені жайлы айтылатын.

Өзгелердің жаңалығы