Риддер жылу электр станциясында тағы да апат болды

5 Қаңтар 2023, 10:35
866
Бөлісу:
Риддер жылу электр станциясында тағы да апат болды

4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды, деп хабарлады BSAQ.KZ.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мәлім еткендей, компания басшылығының кінәсінен тағы бір төтенше жағдай болған.

Риддердегі жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болған. Сол кезде мердігер ұйымдардың қызметкерлері мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірген еді. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай тағы қайталанды. Қазір багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай жөніндегі штаб өкілдері 4 мотопомпада, 4 суасты сорғы іске қосылып, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылған.

Риддер тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жағдай орталықтың жұмысына әсер етпейді. Резервтік жабдық қосылған. ЖЭО-дан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары апат себептерін анықтап жатыр, - делінген әкімдік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы