Резервшілердің мақсаты экономиканың әр саласы бойынша бөлінеді – Демесінова

27 Шілде 2020, 15:09
1251
Бөлісу:
Резервшілердің мақсаты экономиканың әр саласы бойынша бөлінеді – Демесінова

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Резервшілердің мақсаты экономиканың әр саласы бойынша бөлінеді. Бұл туралы президенттік кадрлық резерв мүшесі Лаура Демесінова айтты.

Сенбі күні президенттік кадрлық резерв мүшелері президент кеңесшісі Ерлан Қаринмен онлайн кеңес өткізді. Отырыста әр резевші өз пікірін айтып, жобаларын таныстырды. Онлайн кеңеске 60 резервші қатысты. Отырыс 3 сағатқа созылды. Кездесу ашық форматта өтті. Онда біз мазалаған кез келген сұрақты қойып, оған жауап ала алдық, - деді Демесінова. 

Ол атап өткендей, отырыс қорытындысы бойынша осындай кеңес дәстүрге айналатыны шешілген. 

Біз әр апта сайын әртүрлі мемлекет қайраткерлері мен танымал тұлғалармен кездесу өткізіп, маңызды тақырыптарды талқылайтын боламыз. Бұл өте ыңғайлы әрі ашық формат. Резервшілердің мақсаты экономиканың әр саласы бойынша бөлінетін болады, - деді ол.  

Айта кетейік, президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин өткен жылдың күзінде байқау жарияланғанын айтқан еді.

Еліміздің барлық аймағынан 13 мың жас қазақстандық өтінім берді. Іріктеу төрт ай өтті. Нәтижесінде резервке 300 адам өтті. Биыл 15 қаңтарда бағдарламаға қатысушылармен Президенттің өзі кездесті. Мемлекет басшысы резервшілермен кездесуде атап өткендей, "елдегі ең ауқымды трансформация нақты саладағы, өңірдегі, қаладағы, ауылдағы шағын өзгерістерден басталады. Әркім өз орнында, өз позициясына қарамастан, жаңарту процесіне өз үлесін қосуы тиіс, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы