Ревакцинация. «Спутник-V» екпесін салуға болмайды

14 Желтоқсан 2021, 11:22
2168
Бөлісу:
Ревакцинация. «Спутник-V» екпесін салуға болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша,  ресейлік екпе індетке қарсы қайта екпе салдыру үшін жарамсыз. 

«Спутник-V» вакцинасын ревакцинация кезінде салуға болмайды. Себебі оның құрамбөлігі әр түрлі. Құрамы ұқсас вакциналарды ғана егеді. «Спутник-V»- екпесінде бірінші және екінші компоненттері бірдей емес. Сәйкесінше, еліміздің аумағында ревакцинация үшін бірінші және екінші компоненті бірегей вакциналарды қолданады, - деп атап өтті Алексей Цой Үкіметтің кулуарында.  

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 136 мың адам коронавирусқа қарсы екінші мәрте екпе алғаны туралы жазған болатынбыз. 
Ал Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 1 компонентін 188 906 адам салдырып үлгерген. Оның ішінде аталған екпемен 150 669 жасөспірім қамтылды. Сондай-ақ  38 237 жүкті және бала емізетін әйел вакцинацияланды. Екінші компонентпен 19 386 адам егілді.

Өзгелердің жаңалығы