Ревакцинация салдырмаса не болады?

24 Қараша 2021, 18:09
1214
Бөлісу:
Ревакцинация салдырмаса не болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты. 

Ол коронавирус инфекциясына қарсы қайта екпе алмаған жағдайда организмге қандай қауіп төнуі мүмкін екендігін алға тартты.

Вирус мутацияға ұшырайды. Оның қаншалықты ауыр түрде өтуін ешкім де біле алмайды. Егер екпені қазір алмассақ, кейін сыркаттанушылық ауыр жағдайда өтуі мүмкін, - түсіндірді ведомство басшысы.

Бүгінгі күні ревакцинация науқаны басталғаннан бері қала бойынша медициналық қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және күш құрылымдарының қызметкерлері вакцинаны қайта алып жатыр.

Еліміздің бас қаласы бойынща жалпы бірінші компонентті алғандардың саны 467 мыңнан астам адамды құрайды. Екпе салдыруы тиіс халық тобына жататын 5 мыңға жуық елордалық Pfizer вакцинасын алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорданың бас дәрігері ревакцинация алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы