Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы №2 қалалық емхана директорының орынбасары Майра Ахметова хабарлады. Сондай-ақ ол қала тұрғындарына қайталап екпе алу рәсімін түсіндірді.
ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекцияға қарсы қайталап егу бірінші кезекте халықтың осал топтары – медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері мен құрамы, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлерінің арасында жүргізіледі. Екінші кезеңде бастапқы вакциналауын аяқтаған, қалған азаматтар ревакцинацияланады, – деп атап өтті емхана директорының орынбасары.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясына қарсы қайталап егу мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі:
1) векторлық екпелерді енгізгеннен кейін 9 айдан кейін;
2) белсенді емес екпелерды және М-РНК-екпелерді енгізгеннен кейін 6 айдан кейін салынады.
Егер сіз Sputnik-V векторлық екпелермен алғаш рет вакциналаудан өткен болсаңыз, онда hayat-Vax, QazVac, Sinovac, Vero Cell сияқты белсенді емес екпелермен 9 айдан кейін ғана қайталап егу қажет. Егер алғашқы егу белсенді емес екпелермен жүргізілсе, онда екпені Спутник-V немесе Pfizer векторлық екпемен 6 айдан кейін алуға болады, - деді Майра Ахметова.
Екпенің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін вакциналау мен қайталап егу не үшін қажет екенін білу қажет деп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін 500 мыңға жуық елорда тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы жазған болатынбыз.