Оңтүстікте көктемгі егіс жұмыстары басталды

4 Сәуір 2019, 22:28
3008
Бөлісу:
Оңтүстікте көктемгі егіс жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің оңтүстік өңірлері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары көктемгі егіс жұмыстарын бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын-ала мәліметтері бойынша, 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,3 млн.га жерге орналастыру жоспарлануда, бұл өткен жылғыдан 1,3% артық. Қазіргі уақытта егістік жерлерді тиімді әртараптандыру жүргізілуде, бұл бидай, суармалы егістік жерлердің азаюына және бос жерлерді игеру есебінен майлы, дәнді дақылдар, жемдік дақылдар, бұршақ, жемшөп дақылдар сияқты бәсекеге қабілетті сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осылайша, ағымдағы жылы 2018 жылмен салыстырғанда сұранысқа ие егістік алқаптары: арпа және жүгері астық - 57,2 мың га, қант қызылшасы - 2,6 мың га, жемшөп дақылдары - 654,1 мың га артады.

2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап сатып алу нормалары бойынша элиталық тұқымдар мен бірінші репродукциялы тұқымдарды субсидиялауды көздейтін тұқым шаруашылығын субсидиялаудың  жаңа схемасы енгізілді.  Бұл ретте тұқымдар көктемде төлемсіз тұқым шаруашылықпен немесе АШТӨ іске асырушымен  жіберіледі, ал олардың шығындарын (100%) облыс әкімдігі өтейді. 

Тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа механизміне көшудің негізгі мақсаты ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне көктемде тұқым сатып алу, уақытылы сортты ауысулар мен сорты жаңартуларын алу үшін айналым қаражатының жоқтығы мәселесін шешеді. Сондай-ақ, бөлінген бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану және тұқым шаруашылығы субсидиялаудың бағдарламасымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді 100% қамтамасыз етеді.

Облыстық әкімдіктердің мәліметтері бойынша, 1 сәуірдегі көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тракторлардың дайындығы 91%, себу кешендерінің дайындығы 100%, тұқым сепкіштердің дайындығы 91%, топырақ өңдеу құралдарының дайындығы 93%.

Машина-трактор паркін жаңарту проблемаларын шешу үшін қолда бар ресурстарды (субсидиялардың тиімсіз түрлерін азайту арқылы) қайта бөлу жоспарланып отыр, бұл өндіруші елге байланусыз  АШТӨ сапалы және заманауи техникаларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Осылайша, отандық және шетелдік өндірістің техникасы инвестициялық шығындарды субсидиялау бағдарламасы шеңберінде (теңгерімнің мөлшері ауылшаруашылық техникасының құнынан 25%-ды құрайды) бірдей шарттармен субсидияланатын болады. Сонымен бірге жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау стандарты аймақтық әкімдіктермен (35%-ға дейін) дербес түрде көбейтілуі мүмкін.

Бұдан басқа, АШТӨ үшін ауыл шаруашылығы техникасы лизингін қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында,  кредиторға аванстық төлем, сатып алған техникалар бойынша алғашқы жарнасы ретінде, инвестициялық субсидияны аудару мүмкіндігі қарастырылған.

Осы қолдау шараларын бірте-бірте ұлғайту, 2021 жылға дейін аграрийлердың ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алуға инвестициялар көлемін 100 млрд теңгеден 240 млрд теңгеге дейін жеткізу және 2021 жылға қарай жабдығын жаңартудың минималды технологиялық деңгейін 2%-дан 6%-ға дейін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы