Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

13 Шілде 2023, 20:15
778
Бөлісу:
Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өтеді
Фото: BAQ.KZ - Архив

14-15 шілде күндері ел аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерлерде (орталық алаңдар, ойын-сауық орталықтары, мамандандырылған ХҚКО және ХҚКО айналасында) арнайы “жедел” қабылдау орындарында тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.

Акция кезінде азаматтар өздерінің кезекті мәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция басшыларына жүгіне алады.

ІІМ бастамасымен қолға алынған «Жолда қабылдау» азаматтардың ұсынысынан туындаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы