Республикалық тасжолдардың 6 учаскесінде жол жабылды

23 Қаңтар 2023, 20:45
1002
Бөлісу:
Республикалық тасжолдардың 6 учаскесінде жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың 6 учаскесінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Абай облысындағы Қалбатау-Көкпекті ауылдары, сондай-ақ Қалбатау мен Аягөз қаласы арасындағы тіркемесі бар жүк көліктеріне әзір қатынауға рұқсат жоқ. 

Бұдан бөлек, Герасимовка-Семей, Семей-Қалбатау аралығындағы жолдарда да осындай жағдай. Алматы-Өскемен тасжолы бойындағы Қалбатау-Қасым Қайсенов ауылдарының арасымен де тіркемесі бар жүк көліктеріне қатынауға болмайды. 

Жетісу облысында Үшарал-Достық тасжолы мен Көктума-Достық станцияларының аралығында көліктің барлық түріне жол жабық. 

Өзгелердің жаңалығы