Кеше екі айдың есебі шықты. Орталық бюджеттің кірісі 83,7 пайызға орындалған (100% болуы тиіс). Минус -16,3%. Теңгемен есептесек, қазынаға екі айда 4,3 трлн теңгенің орынына 3,6 трлн теңге түскен.

Бюджет кірісі екі негізгі арнадан толығады: салықтық және салықтық емес түсімдер.
Салықтың түр-түрі бар, бірақ ішінде екеуі үлкен: ҚҚС мен корпоративтік табыс салығы. Бюджеттің жартысын осы екі кит жабады. Тек осы екі салық арқылы үкімет биыл 11,5 трлн теңге немесе 23 млрд доллар жинап, қазынаны толықтырмақшы.
Сосын салықтық емес түсімдер деген бар. Самрұқтағы дивидендтер, штрафтар, Байқоңыр арендасы тағы басқа ұсақ-түйектер. Дегенмен түсімдер аз.
Биыл бюджеттің кірісі 21,4 трлн теңге, шығыны 25,2 трлн теңге. Дефицит. Бюджетте тапшылық болса үкіметтің басты құралдардың бірі – қарыз алу. Үкімет облигацияларды, еуробондттарды басып шығарады. Бұл сенімді қарыздардың бірі себебі үкімет оның қайтарылуына кепілдік береді.
Екінші құрал – Ұлттық қор. Биыл қордан үкімет 10,2 млрд долларды бюджет жыртығын жабу үшін алады. Жылдар бойы үкімет екі тетікті пайдаланып келді. Алайда, бюджет жыртығы одан сайын арта түсіп, бюджетте айтарлықтай теңгерімсіздік пайда болды. ҚҚС салығын көтеру арқылы үкімет бюджет дефицитін азайтқысы келеді.