Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД-ті Алматы облысындағы «Сарыөзек-Көктал» автожолының жабылғанын мәлімдеді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ АОФ және «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша 30.11.2021 ж. сағат 12:00 - ден 16:00-ге дейін жарылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолының қозғалысы жабылды, - делінген хабаралмада.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі тарататын SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті затты өзіңізбен бірге алып жүріңіз.