Республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды

7 Ақпан 2020, 10:30
1404
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ​Ақмола облысында автокөліктің барлық түрлері үшін 5 учаскеде қозғалыс жабылды, деп хабарлады ІІМ ТЖК.


Екатеринбор-Алматы (СҚО шекарасынан Жақсы к.дейін, 856-917 км), Жезқазған-Петропавл (Қостанай облысының шекарасынан Знаменка к. дейін, 377-595 км), Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған к. дейін, 232-260 км), Щучинск-Зеренді (Щучинск-Зеренді а. дейін, 0-80 км), Көкшетау-Атбасар (Балкашино к. шекарасынан Атбасарға дейін, 107-184 км).​ ​ ​ ​ ​

Ақтөбе облысында "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін 0-92 км).

Шығыс Қазақстан облысында "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" автожолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды (Малкелді а.-Аягөз қ.-Бұғаз а. 447-941 км).

Қостанай облысында автожолдың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды: Қостанай-Әулиекөл-Сұрған (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін, 108-232 км.), Жезқазған-Петропавл (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін, 340-377 км).

Солтүстік Қазақстан облысында автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды: Екатеринбор -Алматы (Чистополье п. Ақмола облысының шекарасына дейін, 835-856 км), Тимирязев-Сарыкөл (Тимирязев ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 0-32 км).​

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерді ауа райының өзгеруін, смс-таратылуын бақылап, қозғалысты жабу кезінде трассаға шықпауды сұрайды.​ Метеожағдайлардың нашарлауы және автомобиль жолдарының жабылуы туралы хабарламаны "Darmen" мобильдік қосымшасы қамтамасыз етеді.
​Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі "112".


Өзгелердің жаңалығы