Республикада 3 мыңға жуық студент коронавирус инфекциясын жұқтырған

12 Қараша 2021, 17:08
704
Бөлісу:
Республикада 3 мыңға жуық студент коронавирус инфекциясын жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы министрлік оқушылар арасындағы сырқаттанушылыққа күнделікті мониторинг жүргізуде.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 22 021 жағдайы тіркелді, бұл оқушылардың жалпы санының 0,6 %-ын құрайды. 160 мыңнан астам байланыста болған адам анықталды. Оның ішінде 1 409 адамнан оң нәтиже шықты. Қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда оқушылар арасында сырқаттанушылықтың 1,2 есеге төмендегені байқалады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ бірінші оқу тоқсанында 15 ауысым және 12 304 сынып карантинге жіберілген.

Студенттер арасында 2674 жағдай тіркелді, оның 1948-і – орта оқу орындарының студенттері. Ал 726 жағдай жоғары оқу орындарының студенттері арасында анықталды. Бұл орта оқу орындарындағы білім алушылардың 0,5%-ын және жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың 0,1%-ын құрайды, - деді еліміздің бас дәрігері.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр еліміздегі коронавирус басылмай тұрған екі өңірді атаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы