Республикада 16 есірткі зертханасы анықталып, жойылды

20 Маусым 2022, 13:12
1453
Бөлісу:
Республикада 16 есірткі зертханасы анықталып, жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді. 

Ішкі істер органы өкілінің айтуынша, республикада 20-ға жуық есірткі зертханасы анықталып, жойылған. 

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан,  Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 16 есірткі зертханасы жойылды. Біздің мамандарымыз есірткі таратуға қатысты ақпараты бар сайт, посттар, жарнамалық хабарландыруларды анықтау үшін интернет кеңістікке мониторинг жасап отырады. Жыл басынан бері 700-ден астам осындай интернет-ресурс анықталып, бұғатталды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол ғаламтор арқылы есірткі саудасы тоқтамай тұр деп отыр. 

Интернет ресурстары арқылы есірткі өткізу фактілері бойынша 87 қылмыстық іс тіркелді. Есірткі жарнамасы мен насихаттау бойынша 53 қылмыстық іс тергелуде.  Өздеріңіз  білетіндей қазіргі уақытта маусым айынан кең ауқымды «Қарасора-2022» операциясы жүріп жатыр. Алғашқы нәтижелелеріміз де бар.  Жыл сайын оның барысында біз гашиш пен марихуананы дайындау, сақтау және өткізудің мыңнан аса дерегін анықтаймыз, - деді Бақытжан Әмірханов. 

Өзгелердің жаңалығы