Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

24 Қазан 2022, 14:25
1208
Бөлісу:
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
PHOTO

25 қазанда қазақстандықтар алғаш рет Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өтеді. Осыған байланысты барлық өңірлерде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды іске қосу жоспарланып отыр.

Түркістан облысында мерекеге орай бірқатар білім беру нысандары – Қазығұрт ауылында 150 оқушыға арналған жеке меншік мектеп, Сарыағаш қаласында 900 оқушыға арналған мектеп, Ақсукент ауылында 1 200 балаға арналған жеке меншік мектеп, Қарабұлақ ауылында 400 балаға арналған жалпы білім беретін мектеп, Түркістанда 500 орындық дарынды балаларға арналған мектеп және 200 балаға арналған мектеп-балабақша ашылады.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Сонымен қатар өңірде ірі мақта өңдеу зауыты жұмыс істей бастады.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Тәулігіне 100 мың кірпіш шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Италия, Жапония, Франция және Ресей өндіретін заманауи жабдықтармен жасақталған кәсіпорын елдің басқа аймақтарын да сапалы кірпішпен қамтамасыз ете алады.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысында жылына 5 000 тонна қағаз өнімдерін шығаратын кәсіпорын, 1,5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика, 3,5 тонна сүт өндіретін тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Жамбыл облысында жылына 500 мың тонна аммофос өндіретін «Қазфосфат»  ЖШС жаңа минерал тыңайтқыштар цехы ашылды. Осы жобаны іске асыру арқасында алдағы жылы қазақстандық аграрийлердің аммофосқа деген сұранысын толық қанағаттандыру жоспарланып отыр.

Павлодар облысында мерекеге орай Екібастұзда орналасқан 108 пәтерден тұратын тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, 260 балаға арналған бөбекжай-бақша ашылды.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Қарағандыда 600 орындық аутизмі бар балаларды қолдау орталығын іске қосу жоспарланып отыр, онда әр балаға жеке түзету бағдарламасы әзірленетін болады, Теміртауда заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа емхана мен мәдени-сауықтыру кешені ашылды. Сонымен қатар қалада көп пәтерлі тұрғын үй салынды, кезекте тұрған 90 азамат кілттерін алды. Қарағанды облысының Доскей ауылында мәдениет және өнер ұйымдарының атынан кезекте тұрғандар үшін көп пәтерлі тұрғын үй жөнделді.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Ақмола облысының Қоянды ауылында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын жаңа Отбасылық денсаулық орталығы ашылды, ол халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар Балкашино ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Урожай» стадионы пайдалануға берілді, ол кәсіби мамандар үшін де, бос уақытты тиімді өткізгісі келетін қарапайым тұрғындар үшін де пайдалы орталық болмақ.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Маңғыстау облысында шыны-пластик бұйымдар, желім және қымтақ өндіретін зауыт іске қосылады, оның өнімдері 100% елімізде өндірілмек.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Қызылорда облысында бір уақытта 80 балалар спорт-ойын алаңы, оқушылар сарайы, өнер мектебі, балабақша және дәрігерлік амбулатория ашылды.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Қостанай облысында Отбасын қолдау орталығы жұмысын бастады, онда қиын жағдайға тап болған адамдарға психологиялық және құқықтық тұрғыдан көмек көрсетіледі. 

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Сонымен қатар табиғи өрттен зардап шеккендерге арналған 91 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады
Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік нысандар іске қосылады

Абай облысының Степной кентінде барлық заманауи талаптарға сай келетін 300 оқушыға арналған жаңа оқу орны ашылды. 

Сонымен қатар өңірлерде бірқатар әкімшілік, өндіріс, тұрғын үй, медицина, ауыл шаруашылығы, спорт және мәдени ойын-сауық нысандары пайдалануға беріледі деп күтіледі.

Республика күні нағыз халықтың мерекесіне айналады. 25 қазанда еліміздің ірі телеарналарында мерекелік бағдарламалар, фильмдер мен концерттер көрсетіледі. Өңірлерде түрлі фестивальдер, көрмелер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, сондай-ақ экологиялық және қайырымдылық акциялары өтеді. «Жас өрен», URKER және т.б. республикалық байқаулардың қорытындысы шығарылады. Астанада, Алматыда және республиканың басқа қалаларында мерекелік концерттер өтеді.

Өзгелердің жаңалығы