Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті

20 Қазан 2022, 09:48
2282
Бөлісу:
Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті
PHOTO

Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Айбынды елім ұраным!» атты Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Патриоттық-танымдық кешке Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұма, Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімі қолбасшылары мен сарбаздары, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мамандары және  «Гүлзар Ғабдрахман эстрада» мектебі өнерпаздары қатысты.

Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті

Құттықтау сөз сөйлеген Асылбек Байжұмаұлы мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті жайлы ой бөлісті.

Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті

Геральдикалық түсініктермен қарасақ, мемлекеттік рәміздеріміздің ішінде біздің түгел тарихымыздың танымы тұр деуге болады.  Сондықтан да, Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны қадірлеу біздің басты мақстымыз, - деді ол.

Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті
Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті

Патриоттық- танымдық кеште «Гүлзар Ғабдрахман эстрада» мектебі ұстаздары мен шәкірттерінің орындауында отан, туған жер туралы отансүйгіштік рух беретін әндер шырқалып, ұлт болмысы күмбірлеген күй тартылды.

Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті
Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті

Сонымен қатар  Ұлттық академиялық кітапханасы әзірлеген елдік сана мен егемендік тарихынан сыр шертетін кітап көрмесін тамашалады. 
Отан қорғаушы сарбаздар арасында Республика күніннің мән-мағанасын түсіндіру, ұлттық рухты ояту, мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін ұғындырып, патриоттық сезім, ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сананы дәріптеу мақсатында өткен шараның соңында өнер көрсеткен өнерпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Республика күніне орай патриоттық- танымдық кеш өтті
Өзгелердің жаңалығы