Республика бойынша вакцина саны жеткілікті – ДСМ

12 Қаңтар 2022, 15:49
1217
Бөлісу:
Республика бойынша вакцина саны жеткілікті – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аймақтарында қолжетімді вакциналар туралы ақпаратты ұсынды.

Бүгінгі күні вакциналардың жеткілікті саны қамтамасыз етілді, бастапқы вакцинацияны да, ревакцинацияны да алу мүмкіндігі бар.  Ел аймақтарында QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (балалар мен жүкті әйелдер, 60 жастан асқандар үшін) сияқты вакциналар қол жетімді және 2022 жылғы 20 қаңтардан бастап Спутник Лайт вакцинасы (жеткізу көлемі - 150 мың доза) қолжетімді болады, - делінген ақпаратта.

Вакцинация короновирустық инфекциядан қорғанудың ең басты әдісі болып қала береді.

Өзгелердің жаңалығы