Республика бойынша тұман мен көктайғақ болады

22 Желтоқсан 2021, 08:20
2123
Бөлісу:
Республика бойынша тұман мен көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 22-ші желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

Терең Солтүстік-батыс циклоны  және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республика аймағыныың барлық бөліктеріне дерлік әсерін тигізеді. Тек солтүстік-шығыс, шығыс бөліктерде ашық ауа-райы сақталады. Жауын-шашын қар, жаңбыр, солтүстік өңірлерде бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстіктің тау асуларында қатты жел.

Түрістан облысында түнде оңтүстік пен солтүстікте – шаңды дауыл, батыс бөлігінде және таулы аудандарда жел күшейеді 15-20, күндіз таулы асуларда 23-28, екпіні 30 м/с.  Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында  жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстік пен шығыста – тұман. 

Ақмола облысының батысы иен шығысында тұман, коктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде тұман, коктайғақ, жаяу бұрқасын жел 15-20 м/с күтіледі. Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының орталығы мен солтүстік-шығысында тұман, коктайғақ болады, облыстардың батысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы мен шығысында тұман, коктайғақ болады. Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстік-батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.  

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің 15-23 м/с күшеюі, облыстардың батыс жартысында тұман, коктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен орталығында тұман болады, облыстардың солтүстік-батысы, батысында күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Павлодар облысында желдің 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы