Республика бойынша күн жылынады

1 Сәуір 2023, 10:47
3052
Бөлісу:
Республика бойынша күн жылынады
Фото: aikyn.kz

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын ауқымды солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, күн жауын-шашынсыз, ашық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз салқын ауа массалары біртіндеп жылынады.

Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары белсенді фронтальды учаскелері бар оңтүстік циклонының ықпалында болып, күн құбылып тұрады, найзағай жарқылдап, қатты жауын жауады, - делінген синоптиктер хабарламасында.

Болжам бойынша, Қазақстанда желдің жылдамдығы секундына 15-25 м дейін күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус аяз болады.

Батыста және солтүстік-батыста ауа температурасының күндіз 13-20 градусқа дейін, солтүстікте 7-15 градусқа дейін, республика орталығында 10-20 градусқа дейін, шығыста - 0-10 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі болжанып отыр. Оңтүстік-шығыста 5-18 градус жылы болады.

Өзгелердің жаңалығы