Республика бойынша аязды ауа райы сақталады

6 Қаңтар 2021, 15:30
1228
Бөлісу:
Республика бойынша аязды ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 7-9 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыдай антициклон сілемі өз әсерін сақтайды, осыған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек батыста, кезеңнің соңында, елдің солтүстік-батысында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаяу бұрқасынмен қар жауады. Республика бойынша кей жерде тұман, батыста желдің екпіні күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы