Respublica партиясы ресми түрде мемлекеттік тіркеуден өтті

18 Қаңтар 2023, 21:05
1255
Бөлісу:
Respublica партиясы ресми түрде мемлекеттік тіркеуден өтті

Бүгін «Respublica» Партиясы»  Қоғамдық бірлестігі ресми түрде ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы құжаттар топтамасы 2023 жылдың 12-қаңтарында ҚР Әділет министрлігіне тапсырылған болатын.

 Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі  - ортақ жеңісіміз!  Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті. Партияның барлық мүшелерін, осы уақыттан бері бізге сенім артып, зор  қолдау білдірген барлық адамдарды осы маңызды бастамамен  құттықтаймын және сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтауға жұмыла кірісеміз дегім келеді.  Бүгіннен бастап біз партияның қызметін еліміздің әрбір өңірінде толық көлемде ресми түрде жүргізуге құқылымыз, - деп пікірін білдірді Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров. 

Партияның бағдарламасында "Respublica" партиясы - заманауи және жоғары технологиялық ұлттық экожүйені құруды жақтайтын саяси күш. Біз сенімді, өркениетті және әділ елде өмір сүргіміз келеді – әр азамат адал еңбек етіп, лайықты табыс таба алатын, дені сау және білімдар жастардың ортасы мен өз елін мақтан тұтатын еркін адамдар еліне қол жеткіземіз,  – делінген.

Партияның негізін қалаушылар қатарында – тың тәжірибелі әрі тиімді менеджерлер, әрқайсысының жеке табыс жолы мен көптеген отандастарына қомақты қолдау білдіріп, болашаққа сенім артуға жол көрсеткен іскерлік беделі адал  көшбасшылар.

Ендігі кезекте  партияның өкілдіктері облыстар мен республикалық маңызы бар  қалалардағы әділет органдарында тіркеуден өткізілмек. Өз кезегінде бұл ҚР барлық деңгейіндегі саяси науқандардың барлығына атсалысуға толық мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы