«Respublica» партиясы мәлімдеме жасады

21 Қаңтар 2023, 22:00
2471
Бөлісу:
«Respublica» партиясы мәлімдеме жасады

Сайлау науқаны бойынша партия Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін қалыптастыруға кіріседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті қазақстандықтар, «Respublica» партиясының мүшелері, біздің жақтастарымыз бен қолдаушыларымыз!

Партияның ресми түрде тіркелуі бойынша жіберілген жылы сөздеріңіз үшін партия атынан және өз атымнан ерекше алғыс білдіремін!
Партияны тіркеу процесі оңай болған жоқ, жарты жыл ішінде бізге бірнеше рет бас тартуға тура келді, бірақ соңғы кезеңде толық процедуралық талаптарды орындап, тіркеуден өту мүмкіндігіне ие болдық. Respublica партиясы парламенттік сайлауды өткізуді қолдайды және біз оған қатысуға дайынбыз, деп ресми түрде жариялаймыз.Сайлау науқаны бойынша біздің партия Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін қалыптастыруға кіріседі, - деді мәлімдемеде «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров.

Respublica партиясы барынша ашық және әділ іріктеу өткізеді. 

Сонымен қатар біз өз қатарымызда өз ісіне құзыретті, адал, заманауи, адамгершілікті, ынталы азаматтарды көруге асықпыз. Партия - жүйелілік, технологиялылық, адалдық, адамгершілік сынды біздің негізгі құндылықтарымызбен бөлісетін жаңа көшбасшыларды өз қатарына күтеді.

Ресми түрде партияның сайлауға қатысуы туралы шешім мен кандидаттардың тізімі партия құрылтайында анықталады.
Біз өршіл және ауқымды жоспарларды қамтуды көздеп отырмыз. Осыны іске асыру үшін бізге еліміздің барлық қалалары мен ауылдарында сіздердің қолдауыңыз қажет.

Егер өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенімді болсаңыз, алдағы сайлауда біздің мәжіліске, жергілікті мәслихаттарға кандидат ретінде, партиямыздың мүшесі атанып немесе бізден бақылаушы бола аласыз. Алға Қазақстан! Алға Respublica!, - деді партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров.

Өзгелердің жаңалығы