Ресеймен шекарада жүк көліктері кептелісте тұр

24 Ақпан 2024, 22:56
745
Бөлісу:
Ресеймен шекарада жүк көліктері кептелісте тұр
Фото: ҚазАвтоЖол компаниясының баспасөз қызметі

Батыс Қазақстанда "Самара - Шымкент" тас жолындағы “Сырым” бекетінде жүк көліктері кептелісте тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Кептеліс шекаралық өткізудің қабілетіне байланысты орын алғаны белгілі болды. Қазір мұнда жиналған ауыр техника саны 280-ге жеткен. Кезегін бірнеше күн бойы күткен жүргізушілер әріптестерін басқа бекет арқылы айналып өтуге кеңес беріп жатыр. 

Көлік иелерінің айтуынша, Батыс Қазақстан облысының аумағындағы халықаралық, республикалық маңыздағы жолдар түгел тазартылған. 

Жолда ешқандай кедергі болмапты. Тас жолдағы қозғалыс қазір қалыпты жағдайда. 

Алайда Ресеймен шекарадағы "Сырым" өткізу бекетінің қабілетіне байланысты кептеліс байқалады.

Өзгелердің жаңалығы