Ресейлік туристерге Германияға виза алу қиындады

18 Қазан 2022, 21:50
833
Бөлісу:
Ресейлік туристерге Германияға виза алу қиындады

Ресей туристері үшін Германияға виза алу енді қиындай түседі. Бұл елге кіру мақсатында виза аламын дегендер бірқатар қосымша құжат тапсыруы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Олардың қатарында Еуропа банкінен есеп қағазын алу шарт. Яғни, енді туристік виза ашу үшін Еуропа банкінде соңғы 3 ай мерзіміндегі тұрақты шотыңыз болуы тиіс. 

Бұдан бөлек, жұмыс істеймін немесе оқимын деген құжат көрсету керек. Сонымен қатар, Ресейге оралатыны туралы дәлел келтіру маңызды. Айта кететін жайт, қазір Германия, Словения, Мальтаға бару үшін қосымша медициналық сақтандыру құжатын көрсету міндет, ол да Еуропада орналасқан мекемеден болуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы