Ресейлік ғалымдар ревакцинация қажеттілігін анықтайтын тест жасап шығарды

30 Желтоқсан 2021, 08:47
1106
Бөлісу:
Ресейлік ғалымдар ревакцинация қажеттілігін анықтайтын тест жасап шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік ғалымдар коронавирусқа қарсы ревакцинация қажеттілігін анықтайтын тест жасап шығарды. 

Пастер атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтында "КоронаДерм PS" құрылды. Диагостикалау SARS-CoV-2-ге жасушалық иммунитетті сынау үшін арнайы дайындалған антигенді қамтиды және халықты жаппай тестілеуге арналған. 

Адамға манту реакциясына ұқсас сынама қойылады. Оң нәтиже жасушалық иммунитеттің бар екенін көрсетеді, теріс болса вирусқа қарсы иммунитеттің жоқтығын және қайта вакцинациялаудың уақыты келгендігін білдіреді. 

Бельгияның жоғарғы әкімшілік соты covid-19 таралуына байланысты карантиндік мақсатта театрлар мен басқа да мәдени мекемелерді жабу туралы Үкіметтің шешімін жойды. 

Мемлекеттік кеңес билік концерт залдары мен театрлардың вирустың, атап айтқанда “омикрон” штамының таралуына қалай ықпал ететінін түсіндірмеді деп санайды. Алайда, бұл шешім кинотеатрлардың жұмысына тыйым салуға қатысты емес. 

Статистикаға сәйкес пандемия басталғаннан бері 11,5 миллион халқы бар Бельгияда 2 миллион тұрғыннан COVID-19 анықталды, инфекцияның салдарынан 28000 науқас қайтыс болды. 

Өзгелердің жаңалығы