Ресейден ұрланған көлікті сатып алған қазақстандықтар не істейді?

8 Қараша 2021, 20:33
2436
Бөлісу:
Ресейден ұрланған көлікті сатып алған қазақстандықтар не істейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте айтты.

Ресейдің ішкі істер министрлігіне сақтандыру компанияларының мәліметтер деректерінен Қазақстанда пайдаланылатын  көліктер тізімін жібергенде бізге 606 автокөлік РФ-тің ІІМ криминалдық іздеуінде жүргені туралы жауап келді. Біз ол деректерді өңірлік полиция департаменттерінің құрылымдарына  автокөліктерді табу үшін жібердік. Бізде ТМД елдерімен ондай көліктерді қайтарып беру туралы тәртіп бар. Осы келісім аясында аталған автокөліктер іздеу салғандарға қайтарылады,- деді ол.

Түсіпов айтқандай, қазір сондай мәртебедегі 200 автокөлік табылды. Олар қайтарылады.

Ондай автокөліктерді сатып алғандарға жеке мүліктік және құқықтық қауіптер бар. Олар сатып аларда көліктің ұрлануына қатысты ма деген мәселе көтеріледі. Ол Қазақстанға қалай келгені де анықталады. Қайткен күнде де мұндай көліктер кері қайтарылады,- деді Түсіпов. 

Заң бойынша Ресейден келген көліктер 10 күнде тіркелуі керек.

Өзгелердің жаңалығы