Ресейден келетін инвестиция 20 млрд-тан асты - Тоқаев

9 Қараша 2023, 15:13
464
Бөлісу:
Ресейден келетін инвестиция 20 млрд-тан асты - Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейден келетін инвестиция көлемін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форум жұмыс істеп келе жатқан 20 жыл ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықтың алаңы екенін көрсетті. Жалпы елдер арасында сауда-экономикалық, инвестициялық салада, өндірістік кооперация саласындағы ынтымақтастық жыл санап тұрақты дамып келеді. Бүгінде екіжақты тауар айналым 27 млрд долларға жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш,- деді Тоқаев.

Президент Ресейден келген тікелей инвестиция көлемі 20 млрд доллардан асқанын айтты.

Қазақстанда шетелдік үлесі бар жұмыс істейтін 42 мың кәсіпорынның жартысына жуығы, яғни 19 мыңын ресейлік компания құрайды. Біз экономиканың барлық саласында ынтымақтастық орнаттық. Өнеркәсіп, көлік, инфрақұрылым саласында келісім орнаттық. Энергетика саласындағы ынтымақтастықты ерекше атап өткім келеді. Ерекше оқиға реиінде жақында ресейлік газдың Қазақстан арқылы Өзбекстанға өтуін атап өтуге болады. Аталған жоба Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығында ерекше рөл ойнайды,- деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы