Ресейдегі қазақстандық жұмысшылардың төбелесі: СІМ төрт адамның жағдайы туралы айтты

Ресейдегі Усть-Лугада қазақстандық жұмысшылар қатысқан төбелестен кейін төрт адамның жағдайы белгілі болды. СІМ мән-жайды түсіндірді, бірақ барлық дерек ашылмады.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 13:06
Бүгiн 2026, 13:06
90
Фото: видеодан алынған кадр

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Ресейде қазақстандық вахталық жұмысшылар қатысқан жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресейдегі Усть-Лугада вахталық кестемен жұмыс істейтін шамамен төрт мыңнан астам Қазақстан азаматы тіркелген. Мәселе сәл күрделі, себебі бұл вахталық жұмысшылар, олар тұрақты ауысыммен еңбек етеді, – деді Ержан Ашықбаев.

Оның айтуынша, төбелестен зардап шеккен қазақстандықтарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта төрт адам бақылауда, олардың үшеуіне арнайы көмек берілген.

Сонымен қатар қай елдерде азаматтарды қайтару немесе тергеу жүргізілгені туралы нақты ақпарат жоқ, басқа ел азаматтарына қатысты іс бойынша деректер белгісіз, – деді министрлік өкілі.

Еске салайық, 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысының Усть-Луга вахталық кентінде қазақстандықтардың қатысуымен төбелес болған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде қазақстандықтардың қатысуымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ, Усть-Лугадағы жаппай төбелеске вахташылар да пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

Белгілі болғандай, жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар  қамауға алынды. ҚР СІМ ұсталғандар туралы мәлімдеді.

Наверх