Ресейде тағы бір вакцинаның сынағы басталды

18 Ақпан 2021, 17:53
1735
Бөлісу:
Ресейде тағы бір вакцинаның сынағы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде «Спутник Лайт» бір фазалық вакцинасының халықаралық клиникалық сынамасы басталды, деп жазды kursiv.kz. 

Оның сынамасына алты мың адам қатысады, оның жартысы ресейліктер болса, қалғаны Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғындары болмақ. 

Бүгін біз «Спутник Лайт» вакцинасының халықаралық клиникалық зерттеулерін бастадық. Жаңа препарат Гамалеи атындағы институтта дайындалды. Оның ерекшелігі бір компоненттілігінде. «Спутник V»-мен салыстырғанда оның арасында уақыт салып екінші дозасын енгізудің қажеті жоқ. Иммунитет екпе салынғаннан кейін төрт аптада өз шегіне жетеді, - деді Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин.

Оның клиникалық сынамасына кез келген кәмелетке толған азамат қатыса алады. Алайда ол «Спутник V» вакцинасын екпеген болуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы