Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы Классик базарынан өрт шыққан.
Бұл туралы ntv.ru жазды.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәскеу уақытымен сағат 10:00-де өрт екі қабатты базардың 4 мың шаршы метр көлеміндегі жерін шарпыған. Сондай-ақ өрттің ауқымдылығына байланысты өрт сөндірушілер 4-ранг бойынша шақыртылған.
Өртті сөндіруге ТЖМ жеке құрамынан 446 адам мен 130 бірлік техника жұмылдырылған. Өрт әлі ауыздықталмады. Белгілі болғандай, өрт пиротехникалық заттар сатылатын павильоннан басталған. Өрт шыққаннан кейін павильондағы салюттар атыла бастаған.
Классик - Ростовтағы ең белгілі азық-түлік емес тауарларын сататын базар саналады. Өрт шығынының болжалды сомасы белгісіз.
ТЖМ хабарлағандай, зардап шеккендер жоқ. Аталмыш павильондарда шетел азаматтары жұмыс істеген көрінеді.
Электр сымдарының апатты режимі - өрттің шығуына басты себеп болуы мүмкін. Нақты себебі өрт сөндірілгеннен кейін белгілі болады.