Ресейде оқып жатқан шетелдік студенттер вакцина салдыруға міндетті ме?

9 Тамыз 2021, 08:33
4454
Бөлісу:
Ресейде оқып жатқан шетелдік студенттер вакцина салдыруға міндетті ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей білім және ғылым министрлігі студенттердің коронавирусқа қарсы вакцина салдыруын талап етпейді, деп хабарлайды TACC агенттігі.

Бұл жайында ведомство басшысы Валерий Фальков «Эхо Москвы» радиосының эфирінен айтты. 

Бүкіл студенттер, оның ішінде шетелдіктер де бар, КВИ вакцинасын салдыруға міндетті емес, – деді ол радиоға берген сұхбатында. 
Министрдің айтуынша, медсақтандыру полисі бар шетелдік студенттер өз қалауымен екпе алам десе, шектеу жоқ. 
Олар өз қаражатына вакцина салдыра алады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының өзі де қаласа, бюджеттен тыс қаржыға вакцинация ұйымдастырса болады. Біз, білім министрлігі оқу орындарына осындай ұсыныс жасағанбыз, – деп атап өтті Валерий Фальков. 
Мұның алдында Роспотребнадзор басшысы Анна Попова студенттерді жаңа оқу жылына дейін екпе алуға шақырған еді.
Өзгелердің жаңалығы