Ресейде мектептегі атыстан 6 адам қаза тапты

26 Қыркүйек 2022, 15:00
1145
Бөлісу:
Ресейде мектептегі атыстан 6 адам қаза тапты

Удмуртия республикасының Ижевск қаласындағы №88 мектепте атыс болып, 3 оқушы мен 3 ересек адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір арнайы қызметтер мен жедел жәрдем Ижевскідегі мектеп жанында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері жазды.

Күзетшіні өлтіріп мектепке кірген белгісіз адам, балаларға оқ жаудырған. Оқушылар арасында құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Қазір эвакуация аяқталды. Барлық ақпаратты кейінірек ФСБ-мен тексерістен кейін береміз, - деді Удмуртия басшысы Александр Бречалов. 

ІІМ  алты адамның қаза тапқанын және 20-ға жуық адам зардап шеккенін хабарлады. Шабуылшы өз-өзіне қол жұмсаған, полиция оның денесін тапты.

Зардап шеккендерге 14 жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетіп жатыр,- деді Ресей Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов. 

Өзгелердің жаңалығы