Ресейде көпқабатты үйде газ жарылды

22 Тамыз 2020, 13:25
1480
Бөлісу:
Ресейде көпқабатты үйде газ жарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Ярославль қаласындағы 10 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. 

Он қабатты үйдің 4-қабатында тұрмыстық газ жарылған. Апат салдарынан бір адам көз жұмып, төрт адам зардап шеккен. 

Жарылыс салдарынан үшінші, төртінші, бесінші қабаттардың ара жабындысы қираған, - деп мәлім етті шұғыл қызмет өкілі. 

Қазір апаттан зардап шеккендер туралы мәлімет толықтырылып жатыр. Тұрғын үйде 190 пәтер бар. Шұғыл қызмет өкілдері тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруға кірісті. 

Сағат 19:29-де оқыс оқиға туралы хабарланған. Сонда келіп жеткен құтқарушылар 10-қабатты үйдің үшінші қабаттынан бесінші қабатына дейін опырылып түскенін көрген, - деп мәлім етті елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнында 103 құтқарушы мен 29 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, үйінді астынан бір әйел мен бала іздестіріліп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы