Ресейде Facebook пен Instagram-ға тыйым салынды

23 Наурыз 2022, 22:10
1591
Бөлісу:
Ресейде Facebook пен Instagram-ға тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей соты америкалық Meta компаниясын экстремистік ұйым деп таныды.

Газета.ru сайтының жазуынша, Ресейде сот шешіммен Facebook пен Instagram-ға тыйым салынды. Ал WhatsApp мессенджері жұмысын жалғастырады. Алайда прокуратура өкілдері Facebook немесе Instagram-ды қолданған ресейліктердің жазаланбайтынын айтуда.

Бас прокуратура бұл талапты ресейліктердің құқығын одан әрі бұзудан қорғау деп түсіндірді. Мәлімдемеде Instagram-ның Ресейдің Украинадағы арнайы операциялары туралы жалған мәліметтерді жою және рұқсат етілмеген митингілерге шақыру туралы 4,5 мыңнан астам талапты елемегені айтылды.

Сонымен қатар Ресейдің Бас прокуратурасы Meta өз ережелерін бұзып, Ресей әскеріне зәбір көрсеткен жарияланымдарға рұқсат бергенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы