Ресейде COVID-19 жұқтырғандардың саны 500 мыңнан асты

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде өткен тәулікте 8 779 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандардың саны 500 мыңнан асып кетті</h4>

 12 Маусым 2020 2020, 01:29
12 Маусым 2020 2020, 01:29
1479

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде өткен тәулікте 8 779 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елде COVID-19 жұқтырғандардың саны 500 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, 3 235 науқаста вирустың ешқандай белгілері байқалмаған.

Осылайша Ресейде эпидемия басталғаны 502 436 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 6 535 науқас қайтыс болып, 261 мыңнан аса адам коронавирустан айыққан.

Наверх