Ресей-Украина: Қазақстанның ұстанымы өзгеріссіз – Смадияров

3 Қазан 2022, 17:08
1128
Бөлісу:
Ресей-Украина: Қазақстанның ұстанымы өзгеріссіз – Смадияров

Ресей-Украина арасындағы соңғы саяси өзгерістерге байланысты Қазақстанның ұстанымы өзгерді ме? СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, Ресей Думасы «ДНР» мен «ЛНР-ді» аумақтарын Федерация өз қарамағына қосу туралы шешім шығарды.  

Бұл мәселеде Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы олардың егемендік теңдігі  және халықаралық құқықпен БҰҰ-ның жарғысына сәйкес, бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанады. Біз Ресей мен Украина арасындағы саяси  диалогты жолға қоюға барынша көмек көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Бұл ретте біздің еліміз өңірлік және жаһандық деңгейде тұрақтылықты сақтауды аса маңызды міндет деп санайды. Сол себепті біздің ұстанымыз өзгерген жоқ, - деп жауап берді Айбек Смадияров.  

Сондай-ақ ресми өкіл көрші елдің азаматтары заң бұзған жағдайда СІМ қандай да шаралар қабылдай ма? деген сұраққа жауап берді.

Егерде Ресейден келген азаматтар қандай да заңды бұзып, ұлттар арасындағы наразылық тудыртатын әрекеттер жасап жатса, бұл мәселелер құқық қорғау органдарының құзіретінде және сонда қаралады. Сыртқы істер министрлігі мұндай жағдайда заңды түрде, моральді түрде де ешқандай шара қабылдамайды, - деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Өзгелердің жаңалығы