Ресей Орталық Азиямен қатынасын нығайтпақ

19 Қаңтар 2023, 13:08
880
Бөлісу:
Ресей Орталық Азиямен қатынасын нығайтпақ

Ресей Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми Мәскеу – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде Орталық Азия мемлекеттерімен қарқынды өзара іс-қимылды жалғастырады. 

Министрдің айтуынша, соңғы 2 жылда серіктес елдер «5 плюс 1» қағидаты бойынша жаңа форматты дамыта бастаған. 

Екі жыл ішінде Сыртқы істер министрлері деңгейінде бірнеше кездесу өтті. Достық қатынастағы елдер бұл форматты қолдады. Биыл Астанада тарихта тұңғыш рет президенттер қатысқан Ресей мен Орталық Азия елдерінің саммиті өтті. Біз бұл ынтымақтастықты, әрине, жалғастырамыз, – деді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Өзгелердің жаңалығы