Ресей Олимпиадаға қатысу құқығынан айырылуы мүмкін

8 Қараша 2019, 01:24
1694
Бөлісу:
Ресей Олимпиадаға қатысу құқығынан айырылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның ARD телеарнасының журналисі Хажо Цеппелт дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ресейге қарсы ісі туралы жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылар қан тапсырғаннан кейін Ресей Мәскеудегі зертханада шынайы мәліметтерді жасырып, жалған анықтама берді деп  айыпталып отыр. Егер алаяқтық туралы ақпарат жақын күндері расталса, ең ауыр санкция қолданылады (Олимпиададан шеттету де қарастырылады), - деп жазды Зеппелт Twitter-дегі парақшасында.
Бірнеше күн бұрын Ресей спорт министрі Павел Колобков шынайы мәліметтерді ешкім жасырған жоқ деп сендірген еді. 

Жазғы Олимпиада 2020 жылы Токио қаласында 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. 

 

Өзгелердің жаңалығы