Ресей-Қазақстан матчының билеттері сатылымға түсті

9 Тамыз 2019, 11:28
2041
Бөлісу:
Ресей-Қазақстан матчының билеттері сатылымға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу турнирі аясында Ресей мен Қазақстан құрамаларының матчына билеттер сатылымға шықты. Бұл туралы РФ футбол одағының ресми сайтында жазылды.

Ресей мен Қазақстан арасындағы ойын 9 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 21:45-те, ал Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні сағат 00:45-те Калининград қаласының «Калининград» стадионында өтеді.

Билеттер ресми оператор сайтында сатылады. Мәлім етілгендей, бір адамға 4 билеттен ғана беріледі.
Өзгелердің жаңалығы