Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді – Желдібай

7 Шілде 2022, 17:31
2362
Бөлісу:
Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді – Желдібай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Осыған байланысты журналистер тарапынан сұрақтар түсіп жатыр.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды. 

Бұл жерде, ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан көмірсутегін халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр. Жиында жаңа көлік дәліздерін ашу мәселесі талқыланды. Бұл бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ, - деді Желдібай. 

Ол атағандай,  Ресей біздің стратегиялық  серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді. 

Оның мүддесіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да осындай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы