Көлік саласы – ел экономикасының күретамыры. Оның ішінде теміржол көлігі – жолаушылар мен жүк тасымалдауда маңызды орын алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Темір жол саласындағы жолаушылар мен жүк пойызының да қауіпсіз әрі уақытылы жетуін қамтамасыз ететін маман – машинист. Бұл мамандық аса жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді. "Еңбекқор ел" жобасының бүгінгі кейіпкері – машинист Еркін Советханов.