Ректор: Білім ордаларына қойылатын талап күн санап күшейіп келеді

1 Қыркүйек 2019, 13:27
2986
Бөлісу:
Ректор: Білім ордаларына қойылатын талап күн санап күшейіп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аталған жиынға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры, профессор А.Күрішбаев, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және еліміздің  өнер иелері қатысты.

Шара барысында университет ректоры А.Күрішбаев білім күнімен барша қазақстандықтарды құттықтай келе ҚазАТУ студенттері мен оқытушыларына алдағы уақыттарына сәттілік тіледі.

«Отанымыздың болашағы ұлтымыздың тірегі де сіздер құрметті жастар. Осы жылы университетіміз мол табыстарға кенеліп отыр. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ішіндегі білім беру бағдарламаларының рейтингісінде ҚазАТУ 1  орынға ие болды. Сыннан өтуге жалпысы 114 ЖОО қатысқан болатын. Сондай-ақ Аккредиттеу және рейтинтің тәуелсіз агенттігі (НААР) Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Рейтингке барлығы 75 білім ордасы қатысқан. Көрсетілімі бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үздік 3-орынға табан тіреді. Бұл аса үлкен жоғары мәртебе" - деді ректор. 

Сонымен қатар ректор, биыл С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің  саны жағынан республика бойынша  5-ші орынға шыққанын айтты.

"Бұл дегеніміз аса жоғары жетістік. ҚазАТУ ды таңдап 1-курсты бастағалы отырған жастарымыздың саны 3000 нан асып отыр. Оның ішінде Мемлекеттік грант иегерлерінің саны -1707. Бұл Республика бойынша тағы да рекортық деңгей. Міне жоғарыда айтылған жетістіктерді ескере отырып біздің білім ордамызға қойылатын талап та күн санап күшейіп келе жатыр. Сондықтан алдағы уақытта біз тек қазақстанның ғана емес әлемдегі ең сапалы білім беретін аграрлық білім ордаларының алдыңғы қатарынан көрінуге ұмтылудамыз" -  дейді Ақылбек Күрішбаев.

Өзгелердің жаңалығы