Рекорд: Былтыр Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы 6,5 млрд долларға жетті

31 Мамыр 2023, 14:15
1260
Бөлісу:
Рекорд: Былтыр Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымы 6,5 млрд долларға жетті
Фото: автордан

Елордаға Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжин ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Корея мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап саясат, экономика, әлеуметтік салаларда мемлекеттің дамуында елеулі табыстарға қол жеткізді. Біздің Үкімет «Жаһандық жетекші мемлекет» ретінде жаңа дипломатиялық көзқарасын іске асыруға ұмтыла отырып, екі ел арасында қалыптасқан достық ынтымақтастықтың сенімді қатынастары негізінде корей-қазақ стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға ниетті. Екі ел де Корей түбегі мен Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті, - деп атап өтті БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйлеген Кореяның сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар ол «Жаңа Қазақстанды» құруға ұмтылған Қазақстан елі саясатта, экономикада, әлеуметтік салада және басқа да салаларда барлық реформаларды табысты жүргізді деп ниет білдіретінін жасырмады.

Оңтүстік Корея өз кезегінде демократияландыру және экономикалық даму саласындағы өз тәжірибесі негізінде Қазақстанға қолдау көрсетуді одан әрі де жалғастыратын болады. Осы мақсатта Нұртілеу мырза екеуміз екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған Ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. Екі ел де экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі елдің тауар айналымы 6,5 млрд долларды құрады және рекордтық көрсеткішке жетті. БАКАД, автомобиль құрастыру зауыттары сияқты екіжақты экономикалық жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр, - деді Пак Чжин.

Өзгелердің жаңалығы